Мұнай баррелі 85 доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай баррелі 85 доллардан асты

15.10.2021

Ал мұнай бағасы кезекті рет үш жылдық рекордты жаңартты. Бүгін бренттің бағасы 2018 жылдан бері алғаш рет 85 доллардан асты.

Осылайша қара алтын құны алтыншы апта өсіп келеді. Бұған сұраныстың артуы және газ бен көмір құнының өсуі себеп. Мұнай өндіруші елдердің өндірісті арттырмау туралы уағдаластығы да оң әсер етіп жатыр. Тіпті ірі инвестициялық компаниялар жыл соңына дейін баға 90 долларға жетеді деп болжап отыр. Ал алдағы бір-екі жылда орташа баға 85 доллар шамасында болады дейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу