Қазақстанда тәуелсіз әлеуметтік зерттеулерге сұраныс жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тәуелсіз әлеуметтік зерттеулерге сұраныс жоғары

15.10.2021

Елімізде тәуелсіз әлеуметтік зерттеулерге сұраныс жоғары. Алайда олардың сапасына қатысты шағым көп. Қазақстан әлеуметтанушыларының 7-ші конгресінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, соңғы жылдары әлеуметтік сауалнамаларға қаржы аз бөлініп жатқан жоқ. Сондықтан мамандардың кәсіби деңгейін жаңа жағдайға бейімдеу маңызды. Әсіресе зерттеу жүргізетін ұйымдарды іріктеу кезінде олардың кәсіби талабына аса мән беру керек.

 Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
Біздің алдағы мақсат-мүддеміз айқын. Басты міндет – елдігімізді еңселету және тәуелсіздігімізді одан әрі нығайту. Осы жолда бүгінгідей басқосулардың маңызы зор. Бүгін айтылған пікірлер мен ұсыныстар елдік мүддеге игі әсерін тигізеді деп сенемін.


Хабарламаларға жазылу