Алтын Орда кезеңі тарихын зерттеу институты құрылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын Орда кезеңі тарихын зерттеу институты құрылмақ

14.10.2021

Елімізде «Алтын орда кезеңі» тарихын зерттеу ғылыми институты құрылмақ. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен институт құрудың жобасы әзірленді. Білім және ғылым комитеті жанынан құрылатын ғылыми орталыққа жүздеген жетекші маман тартылмақ. Олар қазақстанның жаңа тарихы жобасын жүйелі түрде зерттеуге кіріседі. Тарихшылар тобы былтырдан бері тарих және этнология институтының базасында зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Енді, ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін атты қазақстан тарихының көптомдық басылымын шығарған ғалымдар ұжымы Алтын Орда кезеңін кеңінен жазуға кіріседі.

Думан Орынбеков, ҚР БҒМ ғылым комитеті төрағасының орынбасары:

Бұл институттың құрамында жалпы 200 ге жуық ғалым бар, бұл жұмыстарды жүзеге асыруға елеміздегі барлық беделді тарихшылар , барлық өңірплердегі ғылыми институттардағы ғалымджар шоғырланған.


Хабарламаларға жазылу