Семейде шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығы құрылды
Семейдегі түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан достық үйінде осы күнге дейін 12 ұлттық мәдени орталық жұмыс істеп келген. Жаңа жылда олардың қатары шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығымен толықты.
Қаладағы достық үйінде салтанатты жағдайда жаңа ұйымның тұсауы кесілді. Оның құрамына шаһардағы барлық кавказ халықтарының өкілдері кіреді. Бір шаңырақ астында әзірге шешендер, грузиндер мен асетиндер, ингуштар мен әзірбайжандар бірігіп, қоғамның тыныс-тіршілігіне белсене араласпақ.
Өз ұлттарының мәдениетін насихаттап, бейбіт елдің болашағына үлес қосуға дайын. Семейде жалпы кавказ халықтарының 1000-нан астам өкілі тұрады. Олардың барлығы алда біртіндеп шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының мүшесі атанбақ.
Сұлтан Картоев, Шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының жетекшісі:
Қаламызда Қазақстанда туып-өскен кавказ ұлтының өкілдері көп. Олардың барлығының басын біріктіретін мәдени орталық жоқ болатын. Біздің Президентіміз айтқандай, «Әр ұлт өзінің салт-дәстүрін, құндылықтарын ұмытпауы тиіс». Құрылған шешен-ингуш ұлттық ұйымы алда еліміздің бейбітшілігін арттырып, халықтар достығын одан әрі нығайтып, қоғамның дамуына үлесін қосатын болады.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы - ел дамуының басты бағдары
13.03.2026, 10:46
Паралимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
13.03.2026, 10:38
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
13.03.2026, 10:34
Алматы облысында коалиция мүшелері жастармен «Таза Қазақстан – таза болашақ» бастамасын талқылады
13.03.2026, 10:22
Қостанайда референдум қарсаңында ауқымды форум-концерт өтті
13.03.2026, 10:17
Оралда коалиция мүшелері мүгедектігі бар адамдармен кездесті
13.03.2026, 10:13
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: Балаларды қолдауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген
13.03.2026, 10:03
Австралияда жасөспірімдердің бестен бірі тик-токты қолданып жүр
13.03.2026, 10:00