Канаданың Онтарио провинциясында газ бағасы күрт қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канаданың Онтарио провинциясында газ бағасы күрт қымбаттады

13.10.2021

Қазір Торонтода көгілдір отынның бір литрі 2 долларға жуықтаған. Жергілікті тұрғындар ел тарихында газ бағасының осыншама өсуіне куә болмағандарын айтады. Ал, қымбатшылыққа ұсыныстың сұраныстан төмен болуы себепші. Айта кетері - Еуропа елдерінде көгілдір отын нарығындағы жағдай тұрақсыз. Мамандардың пікірінше, бұған жылыту маусымы алдында газ қоймаларының толық болмауы, экономикалардың пандемиядан ес жия бастауы ықпал етіп отыр. 

Хабарламаларға жазылу