Алматы облысында сібір елігін заңсыз атқан ер адам жазаланды
Сот сонымен қатар 39 жастағы тұрғынды үш жылға дейін аң аулау құқығынан айырды. Қолында тиісті рұқсаты болмаған Ресей азаматы Жамбыл ауданының аумағында екі бірдей сібір елігін атып алған. Осылайша ол жануарлар әлеміне 2 миллион теңгеден аса зиян келтірді. Барлық заттай дәлелдер тәркіленіп, аталған факті Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша тергелді. Оның әрекеті толық дәлелденіп, судья бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Ол енді жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05