Мемлекет басшысы Елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

12.10.2021

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Қала басшысы Президентке кезекте тұрған елордалықтарды қолжетімді баспанамен қамту, үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, инвестиция тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы баяндады. Көлгіновтің айтуынша, биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Бұл көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Сонымен қатар биыл 40 мың оқушыға арналған 15 мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамытуға, атап айтқанда газбен қамтуға, инвестиция тартуға, үлестік құрылысқа қатысты мәселелерді шешуге және жылыту маусымы барысында қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу