Павлодар облысында көмір тапшы
Көмірдің үстінде отырған Павлодар облысында қыс түспей жатып қатты отын тапшы. Әсіресе күлі аз, қызуы қатты Майкөбенің көмірі таптырмай тұр-дейді тұрғындар. Биыл баға 10-пайызға қымбаттаған. Соған қарамастан өңір тұрғындары негізінен осы көмірді тұтынады.
Нұрымжан Ибраев, қала тұрғыны:Көмірге келгем, көмір жоқ дейді. Енді қалада тұрып қалай көмірсіз. Қазір қыс келеді. Көмірді ертерек алайын дегенмін. Майкөбе алайын дегенмін.
Дастан Дәулетбаев, көмір базасының директоры:Көмір бітіп барады. Вагоннан түсірмей-ақ әкетіп жатыр. Қазір Майкөбеден келу керек. Тапсырыс беріп қойдық. 2-3 күнде жетіп қалар деп отырмыз.
Майкөбе кенішінде 200 ге тарта көлік кезекте тұр. Кейбір жүргізушілер 2-3 күннен бері тұрғандарын айтады. Ал, жергілікті билік өкілдері аймақта көмір жеткілікті дейді.
Марсель Ұзақов, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасарыҚыркүйектің 25-і мен қазанның 6-сы аралығында аймақта жаңбыр болып, арты қарға ұласты. Содан Майкөбе кенішіне апаратын жол ми батпаққа айналып, жүк көліктері жүре алмай қалды. Бүгіннен бастап тәулігіне 130 көлікті тиеп жіберетіндей жағдай жасалды. Көмір бар.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қымызмұрындық–2026»: Дәстүрлі шараға 35 мыңға жуық адам қатысты
28.06.2026, 21:03
Аптап ыстық: Күннің қызуы тері обырын тудыруы мүмкін бе?
28.06.2026, 20:05
Психологтарға қойылатын талап қатаңдайды: Жаңа ереже нені өзгертеді?
28.06.2026, 20:04
Педагогикалық мамандыққа түсушілерге талап күшейеді
28.06.2026, 20:02
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 648 млрд теңгеге жеткен
28.06.2026, 19:58
Еуропа Кеңесі Қазақстандағы реформаларды қолдады
28.06.2026, 19:52
Қазақстан мен Еуропалық Одақ: Не береміз, не аламыз?
28.06.2026, 19:50
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
28.06.2026, 12:18