Әлеуметтік желілердің істен шығуы салдарынан алпауыт компаниялардың акциялары құлдыраған
Аптаның басында Facebook, Instagram, WatsApp сияқты әлеуметтік желілер алты сағаттан аса уақытқа тоқтап қалды. Бұл бүкіл әлемді дерлік «матап» қойды. Қаржылық шығын өз алдына. Бұл желілерді негізгі мәлімет көзі деп қарайтындар үшін ақпараттық кеңістікте вакуум пайда болғандай әсер етті. Бірақ ертерек жатып, ұйқысы қанып тұрғандарын өздері айтып жатты.
Атақты Тайм басылымы мұқабасына қанатының астында инстаграм мен уотсап бар фейсбук басшысы Цукербергтің суретін шығарды. Алайда «жабу» не «жоқ қылу» мүмкін бе?
Бұл жерде айта кететіні - Фейсбукты АҚШ өкіметі қыспаққа алып бастағанына біраз уақыт. Екіжүзді стандарт ұстанып, қасақана адам санасын улайтын контент таратасыңдар деп. Бұл бір үлкен әңгіме. Технология дамыған сайын адамзатқа ортақ проблема көбейе де, тереңдей де береді екен.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
