Арал теңізін екіге бөліп тұрған «Көкарал» бөгетінде жарық пайда болып, Кіші Аралға қауіп төніп тұр. 2017 жылдан бері тоспаның жағалауын су шайып, ақауы бар аймақтың аумағы 200 метрге жетті. Ал тұрмысы теңізге тәуелді аралдық балықшылар теңізден айрылып қаламыз ба?- деп алаңдайды.
Кіші Арал теңізінің Сырдариядан алатын еншісі де азайып кеткен. Мәселен, жаз бойы солтүстік айдынға бір тамшы су тамбады дейді мамандар.
Бұрынғы Арал қалпына келмес. Бірақ проблеманы тереңдетпеу үшін жасалған амалдар ұзақ мерзімге есептелмегесін, оларды тереңдетпеудің амалы жасалуы керек ғой. Сонымен бірге Арал теңізіне байланысты проблема Қызылорда облысына ғана тиесілі проблема емес. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін деп ойлап жүреміз, бірақ қателесеміз-ау, осы...
Әділбек Серікұлы