Астанада «Digital arena» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Digital arena» форумы өтті

13.08.2018

Астанада мемлекеттік мекемелер мен ІТ компанияларды байланыстыратын алаң пайда болды. «Digital arena» деп аталған жобаның алғашқы форумы өтті. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым мен Қаржы министрліктерінің өкілдері әрі еліміздің мықты деген ІТ мамандары қатысты. Форум «сұраныс пен ұсыныс» үлгісінде өтті. 4 ведомствоның шашбауын көтеріп келген вице-министрлер өз жұмыстарын жеңілдетіп, цифрландыруға көшу үшін қандай жобаларға мұқтаж екенін айтып берді. Бұл жиыннан соң ІТ компаниялар бірнеше күннің ішінде өзінің ұсыныстарын әзірлеп, оларды келесі кездесуде министрліктерге таныстырады. Осылайша, тараптар түрлі тың идеяларды талқылап, ең тиімдісін, ең үздігін іріктеп, жүзеге асырады.  

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Қазір біздің ұсынғымыз келіп тұрғаны бүкіл Денсаулық сақтау министрлігінің атынан жасалатын 22 қызмет. Қазіргі таңда қағаз жүзінде жүзеге асса, осы жылдың аяғына дейін тек қана цифрлы түрде жасалады. Осылайша, толығымен қағаздан бас тартамыз.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу