Астанада «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді

27.03.2017

Бүгін - театр күні. Осыған орай, Астанада «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

Аталған сыйлық елімізде алғаш рет өз иелерін таппақ. Жалпы, іріктеу кезеңіне 52 театр ұжымы қатысқан. 15 номинация бар. Олардың қатарында сахна төріндегі ғана емес, сахна сыртында еңбек ететін мамандар да марапатталады.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу