Қазақстанда бірқатар елдің вакцинация құжаттары жарамды болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бірқатар елдің вакцинация құжаттары жарамды болды

07.10.2021

Елімізде соңғы тәулікте 2 063 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Қазақстан бірқатар елдің вакцинация паспортын, сертификатын және анықтамасын ел аумағында жарамды деп таныды. Осыған сәйкес, бас санитар дәрігердің қаулысы шықты. Құжат аясында Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Армения, Беларусия, Молдова, Сан-Марино, Қырғызстан, Моңғолия, Таиланд, Түркия және Эстония мемлекеттеріндегі екпе құжаттары Қазақстанда жарамды болады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу