Еліміздің 7 өңірінде «жасыл» технологиялар орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 7 өңірінде «жасыл» технологиялар орталығы ашылды

27.12.2017

Бұл туралы «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы мәлімдеді. Ұйым жылдық жұмысын қорытындылап, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін, мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдерін, марапаттады. Биыл «G-Global» «ЭКСПО» көрмесінің өткізілуіне елеулі үлес қосты. «Жасыл» технологиялардың Қазақстандағы қолданысын әлемге таныстырды. Ұйым 3 жыл ішінде 4 мыңнан астам шара өткізген. Оның 200-ін шетелде ұйымдастырды. Ал, Ақмола облысы, Арнасай ауылындағы жылыжай технологияларының қолдану әдісіне сол елді мекеннің 70 пайыз тұрғыны  үйренген. 

Серік Нөгербеков, «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы:

- Қазақстандағы ең бірінші «Жасыл ауыл» деген үлкен жобаны жүзеге асырдық. «Жасыл» технологиялардың дамыту орталығын аштық. Осы орталықта 40-тан астам технологияларды жүзеге асырдық. 7 мыңнан астам Қазақстан азаматын оқыттық.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу