Ұлыбританияда жанармай тасуға жауынгерлер тартылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда жанармай тасуға жауынгерлер тартылып жатыр

05.10.2021

Энергетикалық дағдарысқа ұшыраған Ұлыбританияда жанармай тасуға жауынгерлер тартылып жатыр. Елде жүк машинасының жүргізушілері жетіспегендіктен, үкімет бұл жұмысқа армияны жұмылдыруға мәжбүр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бензин жеткізуге 100 мыңдай жүргізуші қажет. Бұл проблема Біріккен Корольдік Еуропа одағынан шығып, талай маман өз елдеріне оралғасын туындаса керек. Алайда, британдық министрлер мұны жоққа шығарып, жүк тасушы жүргізушілер тапшылығын әлемдік проблема деп атады. Дегенмен, Еуропаның өзге елдерінің жанармай құю станцияларында отын таусылып, Британиядағыдай ұзынсонар кезек тұрған жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу