Қазақстанда мың жарымнан астам талапкер жоғарғы оқу орындарындағы гранттан бас тартты. Олардың көбісі мамандығын өзгерткісі келгендер мен басқа оқу орындарында білім алғысы келетіндер. Ұлттық тестілеу орталығы 2021-2022 оқу жылына қатысты осындай мәлімет таратты. Бос орындар республикалық байқау комиссиясының шешімімен оқуға түсуге балы жетпегендерге үлестіріледі. Сондай-ақ ақылы түрде оқитындар мен колледжде білім алатындарға да беріледі. Ол үшін қайтадан құжат тапсырудың қажеті жоқ дейді білім министрлігі. Гранттарды тарату ведомства құзырында. Тегін оқудан өз еркімен бас тартқандардың арасында 1502 адам бакалавриат, 32 адам магистратураға түскен. Қазіргі таңда бос гранттардың саны жағынан Еуразия Ұлттық университеті көш бастап тұр.
Саламат Омаш