Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынады

05.10.2021

Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын талқылау барысында айтылды. Ұлттық экономика министрінің айтуынша кешенді жоспар 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады. 5 жылда ауқымды жобаларды іске асыру үшін жалпы көлемі 2 триллион 100 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Үкімет отырысы әлі жалғасып жатыр. Мұнда каналдар мен су қоймаларын салу және жаңғырту мәселелері де қаралмақ.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу