Павлодар қаласында көпқабатты 60 үй мен әлеуметтік нысандарға жылу берілмеген
Павлодар қаласында да жылу мәселесі өзекті болып тұр. Облыс орталығында көпқабатты 60 үйге әлі жылу берілмеген.
Мәселен, «Достық» шағын ауданынан пәтер алғандардың дені көп балалы отбасылар. Тұрғын үйлерде жаз бойы ыстық су болмады. Қазір де жоқ. Шыдамы таусылған тұрғындар бүгін қала әкімдігіне шағымданып келді.
Гүлнұр Брыкова, қала тұрғыны:Үйіміз болды, балалар «жаңаның аты жаңа ғой» дегесін келіп едік. Мінекей әлі ыстық су жоқ. Жылу жоқ. Түгеліміз ауырып жатырмыз, балалар ауырып жатыр. Тамақ істегеннің өзінде үй жылынбайды. Жылытқыш қоямыз.
Тұрғын үйлер ғана емес, облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарға да әлі жылу берілген жоқ. Олардың арасында 2 мектеп, 7 медициналық мекеме мен 16 оқу орыны бар. Жылудың берілмеуінің басты себебі-- көктемде басталған құбырларды жөндеу жұмыстары қаланың біраз бөлігінде әлі жүріп жатыр.
Жансерік Қапзолла, қала әкімдігінің бас маманы:Қазіргі уақытта жаңадан салынған 42-ші жылу магистралін іске қосу бойынша жұмыс жасалынуда. Содан кейін жаңа шағын ауданның үйлерінде жылу іске қосылатын болады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалына шықты
29.06.2026, 10:29
БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
29.06.2026, 10:27
Қарулы Күштер тактикалық-саптық сабақ өткізеді
29.06.2026, 10:27
Маңғыстау мен Атырау облыстарында автогаз тапшылығы жоқ
29.06.2026, 10:26
Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы реформаларды қолдайды
29.06.2026, 10:25
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 10:24
Түркияда пиротехника шығаратын зауытта жарылыс болды
29.06.2026, 10:23
Венесуэлада зілзала құрбандарының саны 1450-ге жетті
29.06.2026, 10:22