Әлеуметтің әлеуеті артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтің әлеуеті артады

28.02.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының съезінде берген тапсырмалары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Ал, осы мақсатқа бөлінетін қыруар қаржы - ел экономикасының алға жылжуына негіз болады. Бұл - Ресей қоғамдық палатасындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі Дмитрий Журавлевтің пікірі.

Саясаттанушының айтуынша, қазір Еуропаның бірқатар елдерінде әлеуметтік проблемалар қордаланып жатса, Қазақстан билігі керісінше қарапайым халықтың тұрмысын жақсартуға басымдық беріп отыр. Себебі бұл қадам елдегі адам капиталының сапасын арттырып, нарықты жандандыруы тиіс. Сондықтан бұл бастамалардың маңызы зор, әрі ол дер кезінде қолға алынып отыр.

Дмитрий Журавлев, РФ Қоғамдық палатасы сарапшылар кеңесінің мүшесі:

- Қазақстан Президенті айтқан мәселелердің мына бір тұсы меніңше ерекше маңызды. Ол: халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысы нашар отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің көлемін көбейту және көпбалалы отбасыны баспанамен қамтамасыз ету. Меніңше, бұл шаралар іске асса, елдің әлеуметтік жағдайы жақсарып, ол өз кезегінде тұтас экономиканың дамуына ықпал етеді. Себебі жұрттың сатып алу қабылеті жақсарады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу