Хельсинкиде Қазақстан-Финляндия «жасыл» технологиялар орталығының таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хельсинкиде Қазақстан-Финляндия «жасыл» технологиялар орталығының таныстырылымы өтті

27.11.2017

«QazFinTech»орталығы Қазақстанды Орталық Азиядағы индустриалды-инновациялық, технологиялық, қаржы-логистикалық хабына айналдыруды көздейді. Осы мақсатта қабылданған «100 нақты қадам», «Нұрлы жол» бағдарламаларына Финляндия басшылығы жоғары баға беріп отыр. Айтуларынша, үшінші жаңғыру кезеңіне көшу - Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына мерзімінен бұрын кіруіне жол ашады. Ата-баба мұрасын қастерлеп, ұлттық бірегейлікті сақтауға үндейтін «Рухани жаңғыру» бағдарламасына да Суоми жұрты сүйсініп отыр. Шара соңында меймандар «Қазақконцерт» өнерпаздарының орындауындағы концертті тамашалады. 

Пяйви Пелтокоски, Финляндия СІМ Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Ресей департаментінің директоры:

- Қазақтар мен финдерде көп ұқсастық бар. Әсіресе, мәдени салада. Бүгін қазақтың ұлттық музыкасын тыңдап, тәнті болдық. Финляндияның тәуелсіздік алғанына биыл 100 жыл. Ал, Қазақстан бар-жоғы 25 жыл ішінде керемет жетістіктерге қол жеткізді. Жаһандық тың бастамалары бүгінде әлемге үлгі. Біз қазақ елімен барлық салада ынтымақты арттыруға мүдделіміз.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу