Өткен тәулікте елордада 65 жол-көлік оқиғасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте елордада 65 жол-көлік оқиғасы тіркелді

04.10.2021

Өткен тәулікте елордада 65 жол көлік оқиғасы тіркелді. Полиция департаментінің мәліметінше, апаттың көбеюіне ауа райының құбылуы себеп. Жаңбырдан кейінгі тайғанақ жол келеңсіз жағдайларға әкеп соғуда. Сондықтан полция департаменті жүргізушілерге аса сақ болуға шақырады. Жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтау қажет. Ал жаяу жүргіншілер қауіпсіздік ережесін ескере отырып, жолды кесіп өтпей рұқсат етілген жерлерден ғана жүру керек. Мұндай сақтық шаралары Қазақстанның барлық жерлерінде ескерілуі керек. Өйткені, ауа райының осылай құбылуы біраз уақытқа дейін жалғаспақ. Көп жерлерде қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ күтілуде. Солтүстік өңірлерде аздап жел соғуы мүмкін. Қарағанды жолдары да көктайғаққа айналып, жел соғуы ықтимал, дейді Қазгидромет өкілдері.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу