Жәңгір хан туралы сериалдың түсірілім жұмыстары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәңгір хан туралы сериалдың түсірілім жұмыстары аяқталды

03.10.2021

Биыл Жәңгір ханның 220 жылдығы. Qazaqstan ұлттық арнасы «Жәңгір хан» туралы сериалға тапсырыс бергені мәлім. Жоба авторы Арман Сқабылұлымен хабарласқанымызда 12 сериялы фильмнің түсірілімі аяқталғанын білдік. Монтаждау басталыпты. Фильмде Жәңгір хан барлығымыздың құлағымызға бала кезімізден сіңіп қалған «хан емессің қасқырсың» образында емес, реформатор-тұлға кейпінде көрінеді. Шынымен де Жәңгір күрделі, бірақ біржақты бағалауға болмайтын тұлға. Рас, реформатор. Қазақ даласындағы тұңғыш мектеп, тұңғыш пошта, тұңғыш емхана, тұңғыш екпе орталығын ашқан - тізбектеліп кете береді.

Хабарламаларға жазылу