Мемлекет басшысы Ақтоғай кен байыту кешеніне барды
Президент жұмада Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай кен байыту кешеніне барып, жаңа фабриканың ашылуына қатысты. Ашық типтегі ірі кеніште мыс өндіріледі. Бұл металл электротехникадан бастап медицинаға дейін өте көп салада қолданылады. Сондықтан сұраныс жоғары. Ақтоғайдағы минералдық ресурс қоры 2 млрд тоннаға жуық. 2016 жылы 18 мың тонна өндірілсе, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 130 мың тоннаға дейін жетті. Ал екінші зауыттың арқасында келер жылы 190 мың тоннадай мыс өндірілуі тиіс. Осы екі фабрикаға 3 миллиард доллар инвестиция тартылған екен. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа фабриканың ашылуында сөзін «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына ең лайықты тарту - нақты жобалар» деп түйіндеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16