Сот кәсіпкер Орифджан Шадиевтен 16 млрд теңгені өндірді
Сот кәсіпкер Орифджан Шадиевтен 16 млрд теңгені өндірді. Ұлттық банктің пайдасына 14 млрд теңге, мемлекеттік кіріске 472 млн теңге өндірілді. Сонымен бірге кәсіпкер айыппұлға 1 млрд теңгеден аса ақша төлейді. Бизнесменнің жеке меншігіне, бағалы қағаздар мен акцияларына қатысты ақпарат болған соң сот отырысы жабық режимде өткен. Орифджан Шадиев 2013 жылдан бері Capital Bank-тің иесі болды. Лицензиясынан айырылған банк 2017 жылы Ұлттық банктен қарыз алған. Несие банктің акционері Орифджан Шадиевтің кепілдігімен берілген еді. Алайда Шадиев өз міндеттемесін орындамаған соң Ұлттық банк берешекті өндіріп алу туралы талап арыз берді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық ұланда 11 түрлі аспапты меңгерген сарбаз борышын өтеуде
14.04.2026, 13:21
Түркістан облысында павлония өсіру үрдіске айналып келеді
14.04.2026, 13:18
«Aral Geopark» жобасы UNESCO тізіміне енгізілмек
14.04.2026, 13:15
Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады
14.04.2026, 13:12
Тегеран мен Вашингтон келіссөздің екінші раундын өткізу жағын қарастырып жатыр
14.04.2026, 13:09
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
14.04.2026, 13:06
ІІМ: Алаяқтар банк чаттарының көшірмесін жасап жатыр
14.04.2026, 13:03
Павлодарда топырақ астында қалып қойған жұмысшылардың жағдайы жақсарып келеді
14.04.2026, 13:00