Қазақстанның үздік шахматшылары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның үздік шахматшылары марапатталды

23.01.2014
Қазақстанның үздік шахматшылары марапатталды
Бүгін Қазақстан шахмат федерациясының кезектен тыс съезінде еліміздің 2013 жылғы үздік шахматшылары марапатталды. Марапаттау рәсіміне Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев қатысты.
 
«Қазіргі уақытта Қазақстан шахматы федерация съезі бекіткен бағдарлама аясында барынша қарқынды әрі тұрақты дамып келеді. Біз ағымдағы жылы балалар және кәсіби шахмат саласында жоспарланған іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Алдымыздағы ең басты шара - бұл Норвегияда өтетін дүниежүзілік олимпиадаға қатысу, онда лайықты өнер көрсетеміз деп сенемін», - деді Әсет Исекешев.

Сонымен өткен жылдың үздік шахматшылары қатарынан көрінген Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Жанат Сайын, Динара Садуақасова, Әмина Қайырбекова, Ринат Жұмабаевтар диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Хабарламаларға жазылу