БАҚ өкілдері енді баспасөз конференцияларына офлайн қатыса алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдері енді баспасөз конференцияларына офлайн қатыса алады

29.09.2021

Соңғы екі аптада коронавирус 60 пайызға азайды. Өлім-жітім 80 процентке төмендеді. Бұл туралы бүгін ведомства аралық комиссия отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Сондай-ақ инфекциялық орындар мен жан сақтау бөлімінде де науқастар саны азайған. Десе де санитарлық талапты бұзатындар азаяр емес. «Ашық» бағдарламасын дұрыс пайдаланбай, келушілерді қадағалап тексермеген 12 мың нысан екі апта қосымшаны қолданудан шеттетілді. Сәйкесінше, енді олардың жұмыс режимі бұрыңғыдан қысқарады. Жиында Премьер министрдің орынбасары иммундау шаралары қарқынды жалғасу керегін айтты. Әрі коронавируспен күрес шараларына қатысты бірқатар тапсырма берді. Тағы бір айта кетерлігі, енді осындай шараларды журналистер онлайн емес, офлайн тыңдауға мүмкіндік алады.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Санитарлық талаптарды сақтай отырып, орталық коммуникация қызметінде өтетін барлық іс-шараларға БАҚ өкілдерінің қатысуына болады. Ұйымдастыру шараларын денсаулық сақтау министрлігі дұрыс қадағалауына алсын. Қазір вакцинациялауға байланысты осындай шешім қабылдағанымыз дұрыс деп ойлаймын.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу