СҚО-дағы құс тұмауы: Ауылдағы құстар түгел жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағы құс тұмауы: Ауылдағы құстар түгел жойылады

29.09.2021

Ақмола облысында құс тұмауы анықталды. Целиноград ауданының Жалғызқұдық ауылында бір шаруашылықтың құстары қырылып қалған. Қанаттылар 23-інші қыркүйекте өлген. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда індеттің салдарынан үй құстары жаппай өртеліп жатыр. Нысаналы Ығыл тарқатады.

Юрий бір түнде барынан айырылды. 240-тан аса қаз, 40 үйрек, 10 тауық баудай түскен. Жабайы құстардан жұққан тұмау жайратып тастапты. Осындай аурулардың алдын орап вакцина салдырғанмен амал нешік дейді,-ол.

Юрий Шлянин, Жалғызқұдық ауылының тұрғыны: 
Ауладағы астауымнан үй қазымен бірге кейде кептерлерде қоректенеді. Мүмкін содан жұққан болар. Бірақ, вакцина қабылдадық. Дегенмен құс тұмауы да жылда мутацияланып тұрады. Мүмкін екпенің күш келмеді ме? Білмеймін.

Қазір үй ауласы карантинде. Қанаттылардың аман қалғанын шарбақтан бір адым шығармайды. Ал, ауылда дүрлігу жоқ.

Мәулен Сағынтаев, Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі: 
Қауіп жоқ. Басқа үйлер, бәрін қарап шықтық. Еш жерде ондай ауру жоқ. Тек қана бір-ақ жеке үйден шығып отыр.

Осылайша инкубаторлық жолмен шаруашылығын ширатып отырған Юрий шығынға батты. Алайда, қаз өсіруді қайта қолға аламын,-дейді.

Нысаналы Ығыл, тілші: 
Қазір мұнда 30-дан аса құс бар. Бірақ ертең бәрінің көзі жойылады. Ал, мына аумақ толық залалсыздандырылады. Сонымен бірге өтемақы мәселесін шешу де көзделіп отыр.

Ал, Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы тіркелген Лебьяже ауылында үй құстары жаппай өртеліп жатыр. Елдімекенде мыңнан астам қаз-үйрек пен тауық қырылып қалған болатын.

Өмірқұл Азамат, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы:
Осыған орай ауылдық ресми шешіміне сәйкес ауылдық жер карантинге жабылып отыр. Қазіргі ол жақта өлім жітім тіркелген құстардың иеліріне толықтай өтемақы төленетін болады. Ол туралы республикалық эпизодиялық отряд жою жұмыстарын жүргізу үстінде.

Карантинге жабылған ауылдан құс және құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Сондай-ақ Реседің іргелес жатқан облыстарынан да жоғары потагенді құс тұмауы тіркелген. Тиісінше ол жақтан тірі құс және өнімдерін тасымалдауға шектеу қойылды.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу