СҚО-да екпе салынғанына қарамастан құстар қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да екпе салынғанына қарамастан құстар қырылып жатыр

14.10.2020

Солтүстік Қазақстан облысының Кіші Белое ауылындағы «Адель-құс» фабрикасында жоғары патогенді құс тұмауы анықталды. Кәсіпорында 600 мыңнан астам тауық бар. Құстарға о баста екпе салынған, бірақ, соған қарамастан қырылып жатыр. Зертхана қорытындысы бойынша да індет расталды. Қазір фабрикадан құс өнімдерін шығаруға тиым салынды. 

Берік Әлжанов, Облыстық ветеринария басқарамасының басшысы:  
-Құстардың өлім-жітімге ұшыраған саны анықталып жатыр. Және сол өлген құстарды жою жүргізілуде. 

Сондай-ақ, өңірде өлген құс үшін тұрғындарға өтемақы төлене бастады. Бүгінге дейін 122 өтініш келіп түскен. Ал қазан айында өтініш бергендерге құстың нарықтағы орташа бағасы бекітілген соң ғана төленеді.  

Сағындық Сәбитұлы 

СҚО құс тұмауы

Хабарламаларға жазылу