Президент Әзірбайжан Милли Мәжілісінің спикерін қабылдады
Қазақстан мен Әзірбайжанның ынтымақтастығын арттыру бойынша мәселелер Ақордада талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарованы қабылдап, жуырда өткен ТүркПА отырысының қорытындыларына тоқталды. Ал Сагиба Гафарова Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің қазақ басшысына жолдаған сәлемін жеткізіп, қос мемлекеттің парламентаралық диалогы жандана түскенін атап өтті. Қазақстан мен Әзірбайжан – стратегиялық серіктестер. Осы күнге дейін екі ел үкіметтері 100-ден астам құжатқа қол қойып, соның арқасында көптеген бағыт бойынша әріптестік дамып келеді. Басымдық экономикалық салаға беріліп отыр. Дегенмен, бауырлас елдердің рухани байланысы да маңызды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Соңғы жылдары мемлекетаралық ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен әрдайым байланыстамын. Біз елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы үнемі пікір алмасамыз. Тәуелсіздік алған уақыттан бері елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты табысты жалғастырып келеміз.
Сагиба Гафарова, Әзірбайжан Милли Мәжілісінің спикері:Ассамблеяның жұмысына атсалысқанымызға өте қуаныштымыз. Қазақ халқының рухани орталығы – Түркістанда болған екі күн ішінде, онда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға куә болдық. Көргеніміздің бәрі бізді қатты тамсандырды. Әзербайжан мен Қазақстан бауырлас мемлекеттер. Бізді түркілік тамырымыз, ортақ мәдениетіміз бен дәстүріміздің ұқсастығы сияқты көп дүние біріктіреді.
Альбина Әшім
Автор
Альбина Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09