Алматы облысында оқу маусымы басталғалы 1001 оқушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Облыс бойынша 248 мектептің 600 сыныбы карантинге жабылып, 10 мыңға жуық оқушы қашықтан оқыды. Қазір 3400 оқушы мектепке қайта оралды. Өңірде "Ashyq" пилоттық жобасына 9500-ге жуық қатысушы тіркелген. Мониторингтік топ шағын және орта бизнестің 6 мыңға жуық субъектісін қамтып, қосымшаның талаптарын бұзған 1107 нысанды платформадан шығарды.
Әлия Шағиахмет, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
Сары мәртебесі бар адамдарға үй карантинін сақтау бойынша 326 қаулы шығарылды. Ал қызыл мәртебесі бар адамдарға бізде 110 айыппұл салынған материал бар. Оның жалпы сомасы 4 млн 800 мыңнан асып тұр.