Қазақстан мен Украина ұлттық мұрағат саласында ынтымақтастықты арттыра түспек. Маңғыстау өңірінен Украинаға арнайы барған делегация мұражай қорымен «әріптестекті нығайту туралы» келісімге қол қойды.
Оюлы көрпе, қазақы көйлек, көне тымақ пен кестелі көрпе. Әдемі әрленген сандық, қамшы және домбыра Тарас Шевченко атындағы Ұлттық мұражай-қорығына қазақи рең беріп тұр. Украинаға Маңғыстаудан келген делегация киіз үйдің жабдықтарын ала келіпті.
Ирина Паламарчук, Тарас Шевченко атындағы ұлттық мұражай-қорығының қызметкері:
Біздің қазақстандық әріптес-достарымыз киіз үйдің осындай тамаша жабдықтарын бізге арнайы ала келіпті. Мұрағат келушілірене мұндай көркем дүние өте ұнайды деп сенеміз, өйткені әдемі жабдықталған қазақ үйдің сәні арта түсті
Осы жолғы кездесуде Тарас Шевченко атындағы Ұлттық мұражай-қорығы мен Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайы арасында «ынтамақтастық» туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар әріптестікті нығайтып, әсіресе, ғылыми зерттеулер бойынша тәжірибе алмасуға уағдаласты.
Пәния Сармурзина, Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
Меморандум бойынша екі музей арасындағы қызмет, оның ішінде Тарас Шевченконың мұрасын Маңғыстауда насихаттау. Қазақ халқының мұраларын осы музейде насихаттау жұмыстары толық қолға алынатын болады.
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою аясында қос елдің мамандары, мұрағат қызметкерлері мен ғалымдар онлайн конференция ұйымдастырды. Мәдениет пен руханият саласындағы тың жаңалықтар талқыланып, мұрағат саласын жетілдірудің жолдары талқыланды.