Іле Алатау паркінде Тянь-шань шыршалары өртеніп жатыр
Алматы маңындағы Іле Алатау паркі аумағында Тянь-шань шыршасы өртеніп жатыр. Алайда, қызыл жалын әзірге толық сөндірілген жоқ. Себебі, өрт болып жатқан аумаққа бұған дейін техникалар жете алмаған. Біздің тілшіміз де оқиға орнына жақын маңда жүр. Қазір бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын. Нұрхан, өрттің шығу себебі анықталды ма?
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:
Алматы облысының Ақсай шатқалында өрттің тұтанғаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне 26 қыркүйек күні түскен. Оқиға орнына дереу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Ақсай орман шаруашылығының мамандары жұмылған. Алайда, тілсіз жауды ұзаққа созбай тоқтату мүмкін болмапты. Соңғы күндері қатты дауыл тұрып, мегаполис пен шаһар маңындағы аудандарды шаң тозаң басып қалған еді. Соның салдарынан өртенген аумаққа техникалар мен тікұшақтардың жетуі мүмкін болмаған. Ал кеше кешкі уақытта өрттің таралу ауқымы кеңейген. Дегенмен, ауа райы оңалып, қызметкерлер бірден іске кіріскен. Ал дәл қазір өрт ауыздықталып, жағдай тұрақталған. Аздаған түтін байқалады дейді мамандар. Сондықтан тікұшақтар толассыз су тасып, өртті толық сөндіруге тырысып жатыр.
Төтеншеліктердің мәліметінше, жақын маңдағы елді мекендерге еш қауіп жоқ. Өрт үш гектардан астам аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 160-қа жуық адам мен 25 техника жұмылдырылған.
Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Бірақ, мамандар бұған жақын маңдағы тұрғындар мен демалушылар себепші болуы мүмкін екендігін жеткізді. Себебі, қыркүйек айында жергілікті шопандар сол жерде құрғақ шөпті өртейді екен. Сондай-ақ осы аумақта демалушыларға арналған саяжай орналасқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
27.06.2026, 16:48
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
27.06.2026, 10:50
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10