«Қазақ радиосы» ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды
1 қазан – радио қызметкерлері күніне орай, «Қазақ радиосының» Алматыдағы ғимаратының қабырғасына мемориалды тақта орнатылды. Ғимарат іргесіндегі аялдамаға «Qazaq radiosy» атауы беріліп, оған радио қондырғысы қойылды. Аялдамада бұдан былай әуе толқынынан 24 сағат хабар таратылады. Ардагерлер осы іске бастамашы болғандарға ризашылықтарын білдірді. Радио қызметкерлері күнімен қатар, «Қазақ радиосының» 100 жылдығы және Шалқар радиосының 55 жылдығына орайластырылған салтанатты шара, Ұлттық кітапханаға қойылған «Алматыдан сөйлеп тұрмыз» атты көрмеге ұласты.
Бақыт Құтпанбай , «Qazaq radiolary» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі:
Суретшілердің еңбегін, мына артымызда тўрған, Қазақ радиосының тарихынан сыр шертетін кітаптар, көне құжаттар, мына жақта Қазақ радиосының бұрынғы хабарларын эфирге шығарған техникаларды қойдық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02