Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы тіркелді
Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы тіркелді. Мағжан Жұмабаев ауданының Лебьяже ауылында мыңнан астам қаз-үйрек пен тауық қырылып қалды. Өлген құстар 7 үйге тиесілі. Мамандардың айтуынша негізінен 2-3 айлық балапандар індетке шалдығып жатыр. Карантиндік шаралардың енгізілуінге байланысты елді мекеннен құс пен құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Былтыр теріскейдің 12 ауданында құс тұмауы тіркеліп, 1,5 млн бас қанатты қырылып қалған еді.
Нариман Тасболатов, Ветеринария Басқармасының бас маманы
Сынақ хаттамысна сәйкес құс тұмауының диагнозы расталды. Осы Либьяже ауылында барлығы 1584 бас құс вакцинацияланған болатын. Жабайы құстардан қатынас арқасында, яғни байланыс арқасында жұқққаны анықталып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02