Сыр өңірі «жасыл» аймаққа өтті
Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Қызылорда облысы «жасыл аймаққа» өтті. Індеттің таралуы азайып, бірқатар провизорлық стационарлар жабылды. Қазіргі эпидахуалды Қызылордадағы тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей байланыс арқылы баяндайды.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қызылорда облысы араға 70 күн салып, «жасыл аймақтың» санатына қайта қосылды. Карантиндік шектеулер бойынша әлі жергілікті бас санитардың қаулысы жарияланған жоқ. Осы эпидтұрақтылық 7 күн сақталса, оң өзгерістер болары анық. Дегенмен, әлі де босаңсуға болмайды, өткен тәулікте 26 адам ковид жұқтырған. Бір қуантарлығы, қауіпті індеттен бір күнде 133 науқас айығып шықты. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 350-ге жуық науқас ем-дом алуда, ауруханалардың жүктемесі 46 пайызды құрайды. Айта кету керек, вакциналау науқанында қызылордалықтардың белсенділік танытуы да қауіпті індеттің таралуын тоқтатуда өз септігін тигізіп жатыр. Өңірде 400 мың адам екпе алатындардың қатарында болса, қазір соның 301 мыңы вакциналаудан өткен.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17