Еліміздегі ауруханаларда деменцияға шалдыққан науқастарды емдейтін арнаулы кабинеттер қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ауруханаларда деменцияға шалдыққан науқастарды емдейтін арнаулы кабинеттер қажет

26.09.2021

21 қыркүйек Альцгеймер ауруымен күрес күні. Біздің қоғамда кейбір мәселе талқыланбайды. Оның ішінде деменцияның бір түрі - осы Альцгеймер сияқты ауру түрлері де бар. Өте өзекті. Жалпы деменция – есте сақтау, тиісінше, ақыл-ой қабілетінің нашарлауы. Салдарынан тіршілік қылуы өте қиындайды. Өзін-өзі ұстай алмау, әрекетіне жауап бермеу, ешкіммен санаспау, тағысын тағы... Ондай науқас тек біреудің көмегімен өмір сүре алады. Ал үйінде отыратын мүмкіндігі жоқ, жұмыс істеп жүрген адамдар деменцияға шалдыққан жақынын көзден таса қылмай ұстау шартын орындай алмайды.

Оған мың жерден қиын болса да, сабыр мен төзім керектігін қосыңыз.

Демек деменцияның ауыр түріне шалдыққандарға күтім жасайтын орталықтар қажет. Біздің мемлекетте бұл проблеманы адамдар өз отбасының аясында ғана талқылайды, шешімін іздейді. Ал күтуші жалдауға ақша таппауы мүмкін. Сөйтіп ол шаңырақта «ешкімге тілемеймін» деп сипатталатын өмір басталады. Мәселенің кейбір қырын Данияр Қайыртай зерттеп көрді.

Хабарламаларға жазылу