Қалжыр өзенін лайлаған алтын өндірушілерге қатысты іс қозғалуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін ластаған заңсыз алтын өндірушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Оқиға орнына барған арнайы комиссия тікұшақпен әуеден бақылап, экологтар судың құрамын тексерді. Жағалаудың қазылған жерінде судың лайланғаны болмаса, жалпы өзеннің арнасы таза екеніне көз жеткізді. Еске сала кетейік, екі күн бұрын Мемлекет басшысы Экология министрлігі мен жергілікті облыс әкімдігіне мәселенің мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.
Зұлпыхар Жолдасов, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:Қылмыстық іс қозғау мүмкіндігі бар. Соған байланысты, көлеміне байланысты. Одан басқа мынау бірінші мәселе жауапкершіліктен басқа орнына келтіру. Экологиялық кодекста ремедиация деген механизм бар. Сол бойынша біз қазір бағдарлама аламыз ішінде қашан, қандай жұмыс, қандай бағада нақты жазулы. қоғаммен бірге бақылап соны істеткіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің өзегі
25.08.2026, 17:33
Петропавлда Абылай ханға арналған конференция өтті
25.08.2026, 17:30
Елордада есірткіге қарсы шара өткізілді
25.08.2026, 17:27
Ел жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 17:25
Алматыда көзді тегін тексеріп жатыр
25.08.2026, 17:22
Инвестиция тарту үшін мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалуы қажет?
25.08.2026, 17:20
Атырау облысында 6 мектеп пайдалануға беріледі
25.08.2026, 17:20
Жамбыл облысында балалардың қатысы бар 301 жол апаты болған
25.08.2026, 17:17