Алдағы уақытта 500 мыңдай адам аграрлық салада жұмыспен қамтылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1,3 есе, еңбек өнімділігі – 2 жарым есеге өседі. Ал өнім экспортын 70%-ға жеткізу жоспарланған. «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылға осындай мақсат қойып отыр. Саяси ұйым төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды. Елдегі азаматтардың жартысына жуығы ауылдарда тұрады. Сондықтан елдімекендерді түлету міндеті маңызды,-дейді ол.
Мәселен, 2004 жылы халықтың үдере көшуіне байланысты Прекрасное ауылында халық саны азайып қалған еді. Қайта қолдаудың арқасында қазір мұнда 14 үй салынып, тағы 10 шақты баспананың құрылысы жүріп жатыр. Ауылда негізінен мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар топтасқан. Бауыржан Байбек Айыртау ауданындағы құны 1 млрд. теңгеден асатын сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ Ақмола облысы Бұланды ауданында салынып жатқан бірқатар кәсіпорынды аралады. Макинск құс фабрикасын жаңғырту өндірісті арттырып, экспортты ұлғайтуға және 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұдан соң қуаттылығы тәулігіне 600 тонна шикізат өңдейтін жаңа май зауытының құрылысымен танысты. Мұнда 80 адам жұмыс табады деп жоспарланған.
Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:Бәсеге, пандемия дүниежүзінде, экономикалық дағдарыс солармен байланысты. Сондықтан ешкімге бүгінде оңай болып жатқан жоқ. Бірақ елбасының саясатының арқасында осы жылы қаражатта бар, ең бастысы ауызбіршілік бар, тұрақтылық бар.
Нысаналы Ығыл