ІІ Дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен 7 сарбаздың сүйегі табылды
Жыл басынан бері Екінші Дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен 7 қазақстандықтың сүйегі табылды. Олардың аты-жөндері анықталып, елге жеткізілді. Ауқымды жұмыстарға Ресейдің іздеу қозғалысы қолдау көрсеткен. Бұл туралы «Бейбітшілікті қорғағандарды есте сақтап, шындықты жеткізу» атты халықаралық конференция барысында айтылды. Жалпы майдан даласына аттанғандар арасында 270 мыңнан астам отандасымыз хабар-ошарсыз кеткен. Бүгінде олардың 30 мыңдайының сүйегі табылды. Іздеу шараларына ерікті жастар белсенді үлес қосып келеді, - дейді шараға қатысушылар.
Абай Тасболатов, «Atamnyn amanaty» ҚБ басқармасының құрметті мүшесі:
Қоғамдық топтар біздің Қазақстанымызда сегіз. Бірақ солардың бастарын қосуымыз керек. Бүгінгі басты мәселе сол бізде. Ақырғы солдатымызды, сарбазымызды тауып алып, қай жерде оның сүйегі жатыр, ең басты біздің аманат аталарымыздан қалған. Соны істеуіміз керек.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02