Қостанай облысында 300 мыңға жуық адам вакцина салдырды
Қостанай облысында 300 мыңға жуық адам вакцина алды. Бұл жалпы екпе жасалуы тиіс азаматтардың 55,6 пайызы. Ал бірінші компонент салдырғандар саны 315 мың адамнан асты. Өңірде коронавирусқа қарсы екпе салуға 400 – ден астам медицина қызметкері тартылған. Вакциналау 190 стационарлық және жылжымалы кешендерде жүргізіліп жатыр. Қазір облыста вакцина қоры жеткілікті.
Анжела Бексұлтанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Төртінші кварталда елімізге «Файзер» вакцинасы жеткізіледі. Қазір осы вакциналарды қабылдап, тиісті талапқа сай сақтауға қам жасап жатырмыз. Ол үшін арнайы мұздатқыштар сатып алынады. Сонымен қатар осы вакцинаны салатын мамандарға арнайы тренингтер ұйымдастырылады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09