Бейнеу ауданында шаңды дауылдың салдарынан мектептер онлайн оқуға көшті
Еліміздің батыс өңірінде шаңды дауыл тұрып, жұрттың мазасын қашырды. Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданындағы автожолдарда тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы скайппен байланысқа шыққалы тұр.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:Облыс орталығы Ақтауда күн ашық. Аздап жел бар. Тек Бейнеу ауданында түске жақын ауа райы күрт бұзылып, шаңды дауыл тұрды. Салдарынан көшелерде жүру мүмкін болмай қалды. Осыған байланысты, аудан бойынша 24 мектепте екінші ауысымда оқитын 8 жарым мыңдай оқушы қашықтан оқуға көшірілді. Ал, аудан аумағынан өтетін республикалық маңыздағы автожолдарда полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне кірісті. Сондай-ақ, Атырау облысында да шаңды дауыл соқты. Әзірге оқыс оқиға тіркелмеді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02