Ақтау бекінісі туралы тың деректер танымдық сайтқа енгізіледі
Қарағандыда өлке тарихынан толыққанды мағлұмат беретін танымдық сайт ашылады. Оған аймақтағы археологиялық, сәулет ескерткіштеріне қатысты мағлұматтар енгізілмек. Сол тізімнің басында тұрған киелі жердің бірі Ақтау бекінісінің топонимикасы жасалып,алғаш рет сайт бетіне түспек. Бұл тарихи орын несімен ерекше? Бекініс басына барып, ғалымдардың бастамасымен танысқан тілшіміз Руслан Нұрланұлы баяндасын.
Жаңаарқа ауданының оңтүстік-шығысына қарай орналасқан Ақтау бекінісін 19 ғасырдың 30-шы жылдары патша үкіметі отарлау саясатымен салдырған. Оны Кенесары хан қолы басып алып, іштегі әскерді тас-талқан еткен. Cегіз бұрышты, айналасы қоршай ор қазылған бекіністің орыны әлі бар. Бүгінде Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген. Алайда туристер тұрмақ, жергілікті тұрғындардың көбі бұл бекініс туралы біле бермейді. Ғалымдар оның әуеден түсірілімін жасаған. Келешекте өңірдегі осындай тарихи жерлер туралы толыққанды мағлұматты, топонимикасын бір сайтқа топтастыруды жоспарлап отыр.
Темірғали Аршабеков, тарихшы:Мектепте қысқарып жатыр өлкетану бағдарламасы, үлкен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы қысқарып жатыр. Сондықтан веб-сайт арқылы кішкене болса да әрбір өлкенің, оның тарихын, географиясын, генеологиясын, топонимикасын, барлығын осы сайтпен беру. Жастар телефоннан көреді, олардың барлығын ақпараттық жүйеге жақындату.
Бүгінде Ақтау бекінісі жайлы құнды құжаттар мен сол маңнан табылған жәдігерлер Жаңарқа музейінде сақтаулы. Оны кейінгі жылдары осы маңда тұрған малшылар әкеліп тапсырыпты.
Ақтау бекінісіне осы күнге дейін арнайы экспедиция ұйымдастырылмаған. Егер қазба жұмыстарын жүргізсе әлі де талай құнды жәдігердің табылары сөзсіз,-дейді ғалымдар.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы