Трансұлттық қылмысқа қарсы күш біріктіру керек
Құқық қорғау органдары трансұлттық киберқылмыс және адам саудасына қарсы күш біріктіруі керек. Терроризм, экстермизм мен есірткі трафигімен күрес басты мәселеге айналды. Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов мәлімдеді. Ол ТМД елдері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстандағы құқықтық реформалар жайлы айтып берді. Президент тапсырмасына сәйкес құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалау жүріп жатыр. Жиныда халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хван кеңес мүшелеріне ұсыныс білдірді. Келесі айда аталған ұйымның Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы өкілдігі ресми түрде іске кірісетінін жеткізіп, ТМД кеңістігіндегі прокурорларды бірлесе кеңес өткізуге шақырды.
Ғизат Нұрдәулетов, ҚР Бас прокуроры:Біз заман ағымынан қалыс қалмауымыз керек. Құқық қорғау саласына тың тәсілдер енгізіп, жұмысты иновациялық жүйеге бағыттағанымыз абзал. Осы ретте қылмыспен күрес бойынша өзекті мәселелер ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінде жіті талқыланады деп сенемін. Сонымен бірге озық тәжірибелерімізбен бөлісудің де реті келіп тұр.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02