Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Оқиға бүгін таңғы сағат 6 шамасында «Алматы-Ташкент» тас жолында болды. Жантүршігерлік жол апаты жайлы аймақтағы әріптесім Данияр Асқарұлы баяндасын
Данияр Асқарұлы, тілші:Жантүршігерлік жол апаты Байзақ ауданы аумағынан өтетін үлкен күре жолдың бойында болып отыр. Алматы-Ташкент тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік қатты соқтығысқан. Бейнекөріністен байқағанымыздай автокөліктер қарсы бетке шығып кетіп қақтығысқан. Өкінішке орай 6 адам оқиға орнында жан тапсырған. "Toyota Camry" автокөлігіндегі жарақат алған Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны ауруханаға жеткізілген. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек марқұм болған екі жүргізуші мен жолаушылар Тараз қаласының тұрғындары екені анықталды.
Темірбек Оразымбетов, Жамбыл облыстық ПД басшысының орынбасары:Жалпы Жамбыл облысында соңғы 8 айда осындай жол апаттарынан 139 адам қаза тапты. 1000-нан аса адам ауыр жарақат алған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02