Қазақстандық марафоншылар рекорд жаңартты
Тәуелсіздікке тарту. Қазақстандық марафоншылар Нұрсұлтан Бірлік пен Олжас Кәкімжанов «Семей-Павлодар» бағытында ультрамарафон ұйымдастырды. Қос желаяқ бұл бастамасын егемендіктің 30 жылдығына арнады. Марафоншылар 330 шақырымды 45 сағат 10 минутта бағындырып, ел рекордын жаңартты. Бұған дейінгі жетістік 320 шақырым болатын. Енді жаңа рекорд Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Айта кетейік, Нұрсұлтан Бірлік Павлодар облысы Баянауыл ауданында дәрігер-реабилитолог болып еңбек етеді. Ал Олжас Кәкімжанов дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. Майқайыңдағы орта мектепте жұмыс істейді.
Нұрсұлтан Бірлік, марафонға қатысушы:
Жолда әртүрлі қиындықтар болды. Бұл оңай нәрсе емес 330 шақырымды бағындыру деген. Бір жылдық дайындық болды. Төрт мезгіл, қысы-жазы дайындалдық.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02