Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды
Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды. Олар жұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазір бізбен тілшіміз Нұрхан Нұрланұлы тікелей байланысқа шығып тұр.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:Бассейннен уланған 11 бала бүгін таңертең 10 жарымдар шамасында қазір біз тұрған балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Шамамен 12-14 жас аралығында балалар. Мамандардың сөзінше, олар бассейндегі жаттығу кезінде уланған. Алдын ала болжам бойынша, суға хлор жіберетін арнайы аппарат істен шығып, хлор тиісті мөлшердегіден көп құйылып кеткен. Ал балалар қазір осы аурухананың токсикология бөлімінде ем алып жатыр. Барлығының жағдайы орташа дейді дәрігерлер. Олар мұнда түскенде жөтел, әлсіздік сияқты белгілері байқалған. Дегенмен, тиісті ем жасалып, балалардың барлығы алдағы екі тәулік ішінде үйлеріне жіберіледі дейді мамандар. Ал оқушылардың улануына себеп болған бассейнге санитарлық бақылау департаменті тексеру жүргізіп, тиісті шара қолданамыз деді.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02