Риддер тұрғынының үйінен бірнеше қару-жарақ табылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында бір тұрғынның үйінен жауынгерлік қару-жарақтар табылды. «Учаске» деп аталатын жедел алдын алу іс-шарасы аясында күдіктінің үй-жайы тексерілген. Сол кезде 9 милиметр калибрлі қолдан жасалған тапанша, «Макаров» тапаншасының 23 оқ-дәрісі, Калашников автоматы, «ТТ» маркалы тапанша мен «Тирэкс» маркалы тапанша-пулемет табылған. Сондай-ақ оқу гранатасы және 2 пневматикалық қару тәркіленді. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қаруларды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.
Қайрат Әбдіғалиев, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциялары 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02