Елімізде баспананың бағасы құрылыс құнынан екі есе қымбат
Елде баспананың бағасы құрылыс құнынан екі есе қымбат. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен айда жаңа үйлердің орташа құны 343 мың теңгеден асқан. Жыл басынан бері тұрғын үй бағасы 10,9%-ке қымбаттады. Ал құрылыстың құны 2 пайызға ғана өсіп, 150 мың теңгеден асты. Сонда құрылыс компаниялары үйлердің бағасын құрылыс шығынынан 2,3 есе қымбатқа сатқан. Алайда бұған қызметкерлер жалақысы кірмеуі мүмкін. Құрылыс шығыны мен баспана бағасы әсіресе Маңғыстау облысында алшақ. Үй құрылысының бір шаршы метріне 67 800 теңге жұмсалғанымен, нарықта 250 800 теңгеден сатылған.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04