Премьер-Министр жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

20.09.2021

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Үкімет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, көлік, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және агро өнеркәсіптік кешен жобаларының іске асырылуын тексерді. Аймақта осы бағытта алдағы бес жылда 141 жоба іске аспақ. 2,4 трлн теңге инвестиция тарту көзделген, оның 80%-ы – жеке меншік капитал. Сондай-ақ премьер-министр мұнай-газ, химия өнеркәсібін дамыту бойынша отандық және шетелдік инвесторлармен кеңес өткізді.

Жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Орал қаласындағы халықаралық әуежайды реконструкциялау барысымен танысты. Мұнда жылына 400 мың жолаушыға дейін қызмет көрсетіледі. Нысан осы жылы желтоқсанда пайдалануға берілмек. Сондай-ақ премьер-Министр «Батыс Су Арнасы» кәсіпорындары мен «Жайық Ет» кәсіпорындарында, Теректі ауданының Тұқпай ауылында болып, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй инфрақұрылымының құрылысымен танысты.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу