Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

22.02.2018

Елбасы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тамара Дүйсенова партия хатшысы қызметіне тағайындалды.  Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды. Мәулен Әшімбаев Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу